Нетаньяху анклавтағы барлық тұтқын қайтарылады деген үмітте

Фото: Анадолы

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ президентінің Газа бейбітшілігі жоспарының бірінші кезеңі бойынша келісім жасалды деген мәлімдемесіне Израиль премьер-министрі осылай жауап берді, деп жазады ТАСС.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторында кепілге алынғандардың барлығы қайтарылады деп үміттенеді. Бұл оның АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол жеткізілгені туралы мәлімдемесінен кейінгі алғашқы қысқаша пікірі болды.

- Біз олардың барлығын үйлеріне қайтарамыз, - деді Нетаньяху.

Осыдан біраз уақыт бұрын Трамп Израиль мен палестиналық ХАМАС өкілдері бітімгершілік жоспарының бірінші кезеңі бойынша келісімдерге қол қойғанын хабарлады.

Оның айтуынша, бұл барлық кепілге алынғандарды «тезірек» босатуды және Израиль әскерін Газа секторының ішіндегі келісілген аймаққа шығаруды талап етеді. Трамп мұны «ұзақ, берік және мәңгілік бейбітшілікке бағытталған алғашқы қадам» деп атады.