Нидерландыда әлемдегі ең байырғы акция табылды
14:44, 11 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Индерландыда 1606 жылы шығарылған әлемдегі ең байырғы акция табылды. Утрехт университетінің тарих факультетінің студенті мұрағаттан әлемдегі ең ескі акцияны тапты, деп хабарлайды «Интерфакс» агенттігі голландиялық басылымдарға сілтеме жасап.
Акцияны әлемде бірінші болып құнды қағаздар шығаруды қолға алған Голландиялық Ост-Үнді компаниясы 1606 жылы қыркүйектің 9-ында шығарған. Құжат Хоорн қаласының мұрағатынан табылып отыр.
Бұл құжат Хоорндағы Ост-Үнді компаниясының тарихына арналған көрмеге қойылмақ.