«Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысында ірі кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті
07:33, 29 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысында өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып, ірі кәсіпорындардың жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі ережелері жан-жақты талқыланды.
Осы күні «Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қарағанды облысындағы көмір шахталарының кәсіподақ басшыларымен, оның ішінде «Қорғау» кәсіподағымен кездесті.