Олимпиада: Шаңғымен 50 шақырымға жаппай жарыста Полторанин 27-ші, ал Величко 39-шы орын алды

None
АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше, Ванкувер олимпиадасының соңғы шаңғымен жарысы өтті. Ерлер 50 шақырымға жаппай жарыстан сынға түсті.

Бұл сында жарыс жолына шыққан 55 спортшының ішінен жерлестеріміз Алексей Полтаранин 27-ші, ал Евгений Величко 39-шы орын алды. Тағы бір жерлесіміз Сергей Черепанов мәреге жете алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жарысты норвегиялық Петтер Нортнуг 1-ші орын алып, олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлдені германиялық Аксель Тейхман, ал қола медальді швециялық Йохан Олссон иеленді.