Өңірде бір айда 7,2 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды

None
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда бөлшек тауар айналымы 7,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы айдағыдан 15 пайызға артық,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Сауда кәсіпорындары 3, 2 млрд. теңгенің тауарын өткізіп, өткен жылғы қаңтардағыдан 6,0 пайызға арттырса, 4,0 млрд. теңге сауда нүктелері бар жеке кәсіпкерлер үлесінде (123,2 пайыз). Сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлес салмағы 43,9 пайызды құраса, жеке кәсіпкерлердікі 56,1 пайызға жетті.