Оңтүстік Қазақстан облысында 2009 жылдың үздік салық төлеушісі болып «Сарыағаш» шипажайы» ЖШС танылды

None
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «2009 жылдың үздік салық төлеушісі» атауына үміткер кәсіпорындарды таңдау нәтижесінде бұл атауға «Оңтүстік» СПК» ҰК» АҚ еншілес компаниясы - «Сарыағаш» шипажайы» ЖШС лайық деп танылды,

деп хабарлайды СПК баспасөз қызметі.

2008 жылы кәсіпорынның салық төлемдері 42,4 млн. теңгені құрады. Ал 2009 жылы ол 90,8 млн. теңгеге өсті. Өсім қарқыны сенімді - 214,3 пайыз. «406 жұмыскерді жұмыспен және тұрақты жалақымен қамтып отырған кәсіпорынның салық қарыздары да, әлеуметтік төлемдерге қатысты қарыздары да жоқ. Аталмыш кәсіпорынды облыс деңгейінде үздік деп тану оның «2009 жылдың үздік салық төлеушісі» республикалық байқауына қатысуына мүмкіндік береді», - дейді «Оңтүстік» СПК баспасөз хатшысы Клара Серікбаева.