Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрестің әзірлік жұмыстары басталды
13:06, 05 Сәуір 2010
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрестің әзірлік жұмыстары басталды, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.
Шегірткемен күреске облыстық және республикалық бюджеттерден қаржы бөлініп отыр. Жергілікті қазына 115 мың гектарда жүргізілетін шегірткеге қарсы күрес шараларын қаржыландырмақ. Атап айтқанда, негізінен Қазығұрт, Шардара, Сарыағаш және Арыс аудандарының егін алқаптары өңделеді.
Ал 72 гектарда жүргізілетін шараларға қаржыны республикалық бюджет бөліп отыр. Зиянкестерден көбірек зардап шегетін тек қана Сарыағаш ауданында 45 мың гектар алқапты өңдеу керек.
Жұмыстар сәуір айының орта шеніне белгіленіп отыр, облыс қажетті техникамен және улы химикаттармен толық қамтылған.