Орал қаласында екі адам 17 ұрлық жасаған
08:26, 29 Желтоқсан 2011
ОРАЛ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімі бірнеше ұрлықтың бетін ашты.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қаласының 23 және 19 жасар тұрғындары ұсталды. Олар автокөлік әйнегін сындырып кіру жолымен ұрлықпен айналысқан. Атап айтқанда, 12 желтоқсан күні олардың біреуі «Колобок» балабақшасы маңынан 26 жасар әйелдің автокөлігінен 10 мың теңге ақшасы, құжаттары және банкомат карточкалары бар әмиянын қымқырып кеткен. Аталған екеу барлығы 17 ұрлық жасаған.
Қазіргі кезде олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.