Орал қаласында жиырмаға жуық саябақ абаттандырылмақ

None
ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында жиырмаға жуық саябақ абаттандырылатын болады.

Қала әкімі Самиғолла Оразовтың айтуынша, бұларда жаяу жолдар қайта төселеді, орындықтар орнатылып, жарық жүргізіледі.

Оралда соңғы кезде қаланы көріктендіруге ерекше мән берілуде. Айталық, теміржол вокзалы, Сырым Датұлы, Мәншүк Мәметова алаңдарында, облыстық соттың, 6-шағын аудандағы жүзу бассейні алдында, Ж.Молдағалиев пен А.Пушкин бағында, қалалық мәдениет және демалыс саябағында субұрқақтар іске қосылды. Қазіргі кезде №20 мектеп алдында және жөндеу зауыты ауданындағы саябақты абаттандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалар жасалды. Гүлзарларға әдемі гүлдер, жолдар бойына тал-теректер де отырғызылуда.