Оралда «Атамекен» облыстық слеті мәреге жетті

None
ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Орал өңіріндегі балалар туризмінің 50 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Атамекен» жасақтарының облыстық слеті мәреге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Слет барысында Орал қаласы мен аудандардан қатысқан жасақтар таныстырылып, балалар туризмінің 50 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ тарих, Қазақстан экономикасы, сөнбейтін жұлдыздар, табиғат және экология, халықтық өнер мен салт-дәстүрлер, туризм, спорт, денсаулық және демалыс тақырыптарында жинақталған зерттеу жұмыстары сарапқа салынды.

Слет қорытындысында Бөрлі ауданы командасы жеңімпаз атанса, сырымдықтар - екінші, ақжайықтықтар мен оралдықтар үшінші орынды еншіледі.