Оралда есірткі ұясы анықталып, марихуана сатқан адам ұсталды
13:48, 23 Ақпан 2010
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «Мектептегі құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері №20 орта мектеп маңындағы 51 жасар азаматтың пәтерінен есірткі ұясын анықтады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл пәтерде ақшалай сыйақыға есірткі құралдары қолданылып отырған. Сондай-ақ жедел алдын алу шаралары барысында Оралдағы «Променад» сауда орталығы жанында 36 жасар К. ұсталды. Ол Р. деген азаматқа 2,07 грамм кептірілген марихуана сатқан.