Оралда жаңа сайт ашылды
Жоба авторы Жантас Сафуллиннің айтуынша, бұл бизнес қауымдастығы мен жалпы қоғамның, бір сөзбен айтқанда, түрлі топтардың мүддесі мен сұраныстарына сай келетін ақпарат алаңы болмақ.
Облыс пен қаладағы маңызды да қызықты жаңалықтар, үнемі жаңартылып отырылатын ақша бағамы, ұйымдардың бизнес-анықтамасы және ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің қысқаша сипаттамасы, фотосуреттер, прайс-бет, Оралда өткізілетін мәдени шаралар мен киноның жарнамалары, әуе және темір жол көлігі қозғалысының кестесі, сурет галереялары және басқаларын осы сайттан табуға болады. «Хабарландыру» айдарында пайдаланушылар өз хабарландыруларын ақысыз, тіпті суретімен де орналастыра алады. Порталда сондай-ақ «Біздің қала» тарауынан Оралдың өткені мен бүгіні, көрнекті жерлері туралы мәліметтер берілсе, «Тұлғадан» өңірдің танымал адамдары жөнінде деректер алуға болады. Заңгер, туроператор, банк маманының кеңесі «Кеңес» тарауынан берілсе, түрлі тақырыпта байқаулар да ұйымдастырылмақ.
Таяуда аталмыш порталдың мемлекеттік тілдегі нұсқасы да жасалмақ.