«Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысушылардың суреті жарияланды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Президенттер Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.