Өскемен қаласының әкімі қаланың дамуына елеулі үлес қосқан бұрынғы қала басшыларына медаль табыс етті
Бұл шара Өскемен қаласында бірінші рет өткізіліп отыр. Қала әкімі бұрынғы қала басшаларына медальдармен қоса Шығыс Қазақстан туралы кітап, қаланың пейзажы бейнеленген жергілікті суретшілердің авторлық суреттері мен гүл табыс етті.
1999 жылдан бастап Вера Сухорукова, Александр Гречухин, Амангелді Кәжібаев, Юрий Кудинов, Манарбек Сапарғалиев, Темірбек Қасымжанов және Шәкәрім Бұқтығұтов сынды азаматтар Өскемен қаласының әкімі болып жұмыс істеген.
«Өскемен қаласының дамуы мен гүлденуіне әрқайсыларыңыз үлес қостыңыздар. Бұл тарихта қалатын оқиға, бұл біздің ортақ еңбегіміз. Сіздердің арқаларыңызда қаламыз дамып, біраз жетістіктерге жетті. Бұл тұрғындардың да есінде қалды. Осы естелікті сақтау үшін біз қала әкімінің мұражайын ашпақ ниеттеміз», - деп атап өтті Ислам Әбішев медальдарды табыстай отырып.