Өскеменде ерекше акция өтті - қала тұрғындарына Конституция табыс етілді
09:47, 27 Тамыз 2010
ӨСКЕМЕН. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше Өскеменде ерекше акция өтті - көшелерде, саябақтар мен алаңдарда қала тұрғындарына Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы басылған кітапшалар тарту етілді.
Бұл шараға қалалық ішкі саясат бөлімі мен жастар ұйымдары ұйытқы болды. Акцияға жастардың қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстарының 700-ден астам еріктілері қатысты. Олар қала тұрғындарын Конституция күнімен құттықтап, оларға еліміздің негізгі құжаттарын табыс етті.
Стратегиялық маңызды құжаттарды кеңінен насихаттаудың мұндай форматы аймақта алғаш рет жүзеге асырылып отыр.