Өскеменде Үлбі өзенінде жасөспірім суға батып кетті
10:46, 07 Маусым 2016
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде кеше кешке Үлбі өзенінде 14 жастағы ер бала суға батып кетті. Кешеден бері облыстың өңірлік құтқару қызметтері, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» сүңгуірлермен жасөспірімді іздеу үстінде.
ТЖД хабарлағандай, 6 маусымда өз достарымен ойнап жүріп, су жағалауына келген, абайсызда су қоймасына түсіп кеткен оны өзен ағысы алып кеткен.