Өскеменде Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-інші туры өтеді
Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде 28 ұпаймен әзірше алматылықтар көш бастап келеді. Олардан хромтаулықтардың («ТНК «Қазхром») - 7, өскемендіктердің («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 18 ұпайы кем. Ал турнир кестесінің екінші жартысынан орын тепкен атыраулықтардың қоржынында - 12, қызылжарлықтарда («Есіл») - 10, оралдықтарда («Конденсат») - 3 ұпай ғана бар.
Еске салайық, 1-інші тур ойындары 4-9 қараша күндері Алматыда, ал 2-інші тур 6-11 желтоқсанда Қызылжарда өткен болатын. Алматылықтар өз алаңында 15 ұпай, Хромтау мен Өскемен қалаларының волейболшылары - 9, «Атырау» командасы - 6 ұпай жинап, «Конденсаттың» қоржыны бос қайтқан еді.
Қызылжарда өскемендіктермен тізе қағыстырып келе жатқан хромтаулықтар өскемендіктермен арадағы ұпай айырмашылығын беске дейін жеткізе алды. Ал оралдықтар алғашқы 3 ұпайды қоржындарына сала алды. 3-інші турда олар бірінші ойынды «Алматы» командасымен өткізбек.