Өскеменде үйлерді су басып қалу қаупінің алды алынуда
деп хабарлады ведомстводан.
Мамандардың айтуынша, бұл оқиғаға кезінде аталмыш ауданда болған бөгетті тұрғындардың бұзып тастауы себеп болып отыр. Еріген қар суы таудан төмен ағып жатыр. «Шығыс жолдары» серіктестігінің қызметкерлері ағып жатқан судың арналарын бұру, арықтар қазу жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үй орамына қарай тартылған құбырдың тесілуі онсыз да күрделі жағдайды ушықтырып отыр. «Өскемен-Су арнасы» кәсіпорнының қызметкерлері бүгін таңертең құбыр тесігін бітеді.
Сондай-ақ, Меновное селосында да осындай оқиға орын алып отыр. Тұрғын үйлер секторына төрт жақтан су ағылуда. Онда қазір суды сору және арық қазу жұмыстары жүргізілуде.
Ахмирово селосына, Защита ықшамауданы мен Овечий ключ кенттеріне де қызылсу келіп жатыр. Ахмирова тұрғындарына қарды өз бетерінше тазалау міндеттелсе, су мұздың үстінен ағып жатқан Защита ықшамауданында тұрғындарға суларды бау-бақшаларға бұру туралы ұсыныс жасалды. Ал Овечий ключ кентіндегі жағдай қиындау: онда тұрғызылған дамбаның арасынан су ағып жатыр. «ӨскеменАрнайыкоммунтранс» мекемесінің мамандары онда құм салынған қапшықтардан бөгеттер тұрғызуда. Әзірге судың беті қайтарылды.