Өскеменде волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңдік сайысыі өтеді
09:47, 10 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 12-18 күндері Өскеменде волейболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңдік сайыстары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.
Оған - Алматыдан «ҚазҰАУ» мен «ЦСКА», Петропавлдан "Есіл" мен "Есіл-Виктория", Астанадан "Ұшқын-Искра", Теміртаудан "Арселор-Миттал", Шымкенттен "Қазығұрт", Семейден "Семей", Тараздан "Тараз-ТарМУ", Өскеменнен "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс 2", Павлодардан «Ертіс-АО АК», командалары қатыспақ. Олардың арасында XVIII Қазақстан чемпионатында 1-4 орын алған Ұлттық лигадағы шеберлер болмайды. Олар алғашқы кезеңде үздік төрттіктің қатарына енген командалармен бірге қазанның 13-20 күндері Хромтау қаласында өтетін Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындары кезінде өнер көрсетеді. Ал онда топ жарған 4 команда қазанның 29-ы мен қарашаның 1-і аралығында Алматыда өтетін ақтық сында кездесіп, Қазақстан Кубогының жеңімпазын анықтайтын болады.