Өскеменде жеке тұрғын үй өртеніп, 1 әйел қаза тапты
07:41, 12 Қаңтар 2012
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Өскеменде жеке тұрғын үй өртеніп, 1 әйел қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, кеше Өскемен қаласында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. 4 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру барысында 1955 жылы дүниеге келген әйелдің денесі табылған.
Қызыл жалынды өшіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 23 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.