Осыдан үш жыл бұрын бір түнде үш қылмыс жасаған Степногор тұрғыны қолға түсті - Ақмола облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Степногор қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Ербол Мұқановтың айтуынша, тәртіп сақшылары осыдан үш жыл бұрын бір түнде үш аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1987 жылғы жергілікті тұрғынды құрықтаған. Тексеру барысында 2007 жылы қараша айының 20-сында 50 жасар азаматтың өлімі, араға үш сағат өткенде 1988 жылы тұрғынның соққыға жығылып, тоналғаны, артынша 1976 жылы қала тұрғынының осындай әрекетпен тоналғаны белгілі болады. Үш қылмыстың әдісі, тонау әрекеті ұқсас болғандықтан бұл бір қылмыстық іске топтастырылып, тергеу амалдары жалғастырылған. Соңғы үш жыл бойы ерекше қадағалауда болған қылмыстық әрекет анықталып, күдікті қолға түсті. Ол бұрындары осындай қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп келген К.есімді қала тұрғыны болып шықты. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда.