Отандық футбол клубтарын сертификациялау басталды
19:54, 05 Қаңтар 2012
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылдың маусымында Қазақстан чемпионаты мен ҚР біріншілігіне қатысу үшін еліміздің футбол клубтарын сертификациялау кезеңдері басталды.
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) мәліметіне қарағанда, 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында клубтар қаржылық және заңгерлік сараптамалардан өтті. Ал биылғы 5-6 қаңтарда ҚФФ-ның спорт директоры Анатолий Юрьевич, сертификация бойынша талаптарға сәйкес премьер-лига клубтары арасындағы спорттық санаттардың сараптамасын жүргізеді. Сонымен қатар, 9-10 қаңтар аралығында осындай шаралармен бірінші лиганың клубтары қамтылмақ. Бұдан кейін, нақты айтқанда, 2012 жылдың маусымында отандық футбол клубтары өнер көрсететін стадиондардың инспекциясы жасалады.