Өткен тәулікте КІІД қызмет көрсету аумағында 5 қылмыс тіркеліп, бәрінің де ізі суымай ашылды

None
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде КІІД қызмет көрсету аумағында 5 қылмыс, оның ішінде криминалдық полиция желісі бойынша - 5 қылмыс тіркелді, бәрі деп ашылды,

деп хабарлады аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар жасалған жоқ.

 5 қаңтарда 15 сағат 20 минутта Шымкент стансасының теміржол вокзалында ЖІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 2007 жылы ҚР ҚК 259-бабы 1-тарауы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылған Шымкент каласының 1966 жылғы тұрғынын құрықтады. Жеке тінту кезінде одан салмағы 2,3198 грамм героин есірткісі табылды. Ұсталған азамат ОҚО ІІД УҰО-ға қамалды.