Өткен жылдан бері алаяқтық жасап келген қылмыстық топтың үш мүшесі құрықталды

None
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде апта қорытындысына орай өткізілген брифингте атап көрсетілгендей, 2009 жылдан бері алаяқтық қылмыс жасап келген топтың үш мүшесі құрықталып, тергеу амалдары қарастырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.

Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысты топты әшкерелеу бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Қазбековтың айтуынша, олардың қатысуымен ондаған қылмыс жасалғандығы белгілі болып отыр. Алдын ала жасалған сараптаға сай күдіктілер тек Көкшетау қаласында үш азаматты қаланың сыртына көлікпен алып шығып, ұрып-соғып, аса ірі көлемде ақша талап еткен. Осындай әрекетпен екі миллион 300 мың теңгені иемденген көрінеді. Қазіргі кезде ҚР ҚК-сінің 181-ші бабы 2-ші тармағы, 102-ші бабына бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Брифингте атап көрсетілгендей, өткен аптада өңірде 93 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның 84-нің ізі суымай ашылған. Тәртіп сақшылары жыл ішінде жасалған - бес, бұрыннан анықталуда болған 8 қылмысты ашып отыр.