Өткен жылы жарнама берушілерден түскен салықтық түсімдер 45 млн. теңгені құрады - Жамбыл облысы

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Өткен 2009 жылы жарнама берушілерден аймаққа түскен салықтық түсімдер 45 млн. теңгені құрады.

Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 38,4 пайыз артық. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтың елді мекендердегі сыртқы жарнамаларды орналастыру мәселелері Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен отырыста талқыланды. Облыстық әкімдіктің деректері бойынша, бүгінгі күні Таразда және облыс аудандарында 2 095 жарнама қалқандары орналастырылған, олардың 729-ы билбордтар мен брендмауэрлер, 938-і стенділер, 218-і жазулар, 5-еуі жарнамалық таблолар, 94-і лайтбокстар.

«Елді мекендерде сыртқы жарнамаларды орналастыруға бақылаудың бірыңғай жүйесі қажет. Бірыңғай бақылауды жүзеге асыратын бір уәкілетті органды айқындау керек», - деді әкім.