«Өзенмұнайгазда» жұмысқа алу алгоритмі бұзылған
«Жұмыс іздеушілер кезегі келгенде алдымен қаланың коммуналды кәсіпорындарында қызмет етіп, кейін ӨМГ аутстаффингінде жұмыс істеген соң компанияның бос орындарына штатқа қабылданады. Бірақ жұмысқа қабылдануы тиіс әкімшіліктің тізіміне кірген 44 адам коммуналды кәсіпорындардың тізімінен табылмады», - деп жазды компаниядан.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, сирек қолданыстағы мамандық иесі ретінде қабылданған 238 адамның 17-нің біліктілігі жоқ болып шыққан. Тағы 33 адам қысқа мерзімде компаниядағы өзге қызметтерге ауысып кеткен.
ҚМГ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас маманы Бақдәулет Төлеген ӨМГ компаниясына жұмысқа қабылдау ережелерін өрескел бұзушылар белден басып, әділдіктен аттап, сыбайлас жемқорлыққа негіз болған заңсыз әрекеттерге барғаны туралы күдік туғызып отырғанын айтты.
Бұл Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындарының арасында әлеуметтік наразылық туындауына негіз болды.