Өзінің балалық арманын орындау үшін, ұры шіркеуден гитараны ұрлауға әрекет жасады - Өскемен

None
ӨСКЕМЕН. 5 қаңтар. ҚазАқпарат  /Людмила Малько/ - Евангелиелік баптист христиандардың «Родник» шіркеуінің ғимаратына жаңа жыл алдындағы түні ұры түсті, деп хабарлайды Өскемен полициясы.

«Кілтті ұрлап және №5 кабинетті ашқан ұрылар «Самимик» гитарасын ұрлауға әрекет жасады. Кіші зал және басқа бөлмелерге кірген қаскөйлер терезелерді сындырды. Жалпы келтірілген зиян 22 мың теңгені құрады. Бұл туралы полицияға шіркеудің әкімші қызметкері хабарлап, әсіресе католик Рождествосы мерекесін тойлау күндері Құдай шіркеуінің мүлкіне қастандық жасауға байланысты ренішін білдірді», - деп баяндады полиция капитаны Лариса Поломошнова.

 «Боран-42» патрульдік автомобилінің экипажы, бірнеше мекен-жайларды қарастырып өткен соң, полиция қызметіне шіркеуге жақын жерде тұратын 32 жастағы А. деген азаматын жеткізді.

Анықталғандай, күдікті азамат 2005 жылы есірткіні заңсыз сақтағаны, 2006 жылы - ұрлық жасағаны, 2008 жылы - екінші рет ұрлық жасағаны және заңсыз есірткі сақтағаны үшін сотталған.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Музыкалық аспапты қандай мақсатпен ұрламақшы болғаны туралы сұраққа ұсталған азамат «гитарада ойнауды үйрену балалық шағымнан келе жатқан арманым» деп жауап берді.