Палестина тәуелсіздігін жариялайтын болса, Израиль Батыс жағалауы бөлігін аннексияламақ
деп хабарлайды Associated Press.
Израиль министрі сондай-ақ, палестиналықтар өз мемлекетін жариялаған жағдайда, Израильдің бұған дейін палестиналықтармен бейбітшілік туралы қол жеткізілген келісімдердің барлығының күшін жоятынын айтты.
Билігі тек Иордан өзенінің Батыс жағалауына ғана тарайтын Палестина премьері осының алдында жасаған бір мәлімдемесінде, 2011 жылы Палестина тәуелсіз мемлекетінің құрылуы жариялануы мүмкін екенін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, бұл процесс, біржақты ретпен жүзеге асады.
Араб мемлекеттері лигасының мүшелері наурыз айының соңында Ливияның Сирт қаласында болған жыл сайынғы саммитте «Иерусалимді құтқару жөніндегі іс-қимылдардың жоспарын» қабылдағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Бұл жоспар бойынша, Иерусалимде тұрып жатқан палестиналықтарға 500 миллион доллар бөлу мәселесі қарастырылған.
Құжатты қабылдаған мемлекеттер сондай-ақ барлық халықаралық ұйымдарды Шығыс Иерусалимді өзінің заңды жері ретінде тану туралы Израильдің әрекеттерін мойындамауға үндеуде. Лига мүшелері БҰҰ-ның Халықаралық сотын қаладағы израильдік акцияларды тексеруді бастауға шақырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Иерусалимде тағы 1,6 мың үй салу туралы Израильдің жоспары наурыздың 10-ында жария етілген болған. Ал палестиналықтар қаладағы еврей қоныстарының құрылысын тоқтату - Таяу Шығыстағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу проблемасы бойынша келіссөзді жандандырудың басты шарты ретінде атап отыр.