Палестиналық футболшылар 15 жылдан соң алғашқы матчын өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен Газа секторының футбол командалары соңғы 15 жылда алғашқы матчын өткізді.

Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Газа секторындағы Аль-Ярмук стадионына екі мыңға жуық жанкүйер жиналды. Олар Батыс жағалаудың "Аль-Ахли" командасы мен Газаның "Шеджайя" құрамасы арасындағы матчты тамашалауға келді.

Жексенбі күні командалар «Палестина кубогі» аясында Батыс жағалау аумағында тағы бір ойын өткізуі керек.