Павлодар мемлекеттік университеті үшін - ғылыми кадрлар

None
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ағымдағы жылы төрт мамандық бойынша PhD докторантура міндетті білім беру бағдарламасын жүргізу құқығына лицензия алды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.

Университетте биология, экономика, педагогика және электроэнергетика бойынша ғылыми кадрлар дайындайтын болады.

Бүгінде жоғары оқу орнында 17 докторант бар, оның біреуі ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша, қалғандары келісімшарттық негізде оқып жатыр. Университетте сондай-ақ 130 магистрант білімдерін жетілдіруде, олардың басым бөлімі Білім және ғылым министрлігінің гранты бойынша оқып жатқандар.

Болашақ ғалымдардың мамандықтарының кеңдігі Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-зияткерлік әлеуетін анағұрлым арттырады, деп санайды оқу орнының ректоры Ерлан Арын.