Павлодар облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы келді

Фото: gov.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып әділет полковнигі Дәулет Рахымбеков тағайындалды.

Дәулет Рахымбеков Ақмола облысында туған. 1998 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейінірек ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітірген. 

Әскери борышын өтеген соң 1993-1998 жылдар аралығында Ақмола облысының ішкі істер саласында қызмет етіп, кейінірек Астана қаласы ішкі істер басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған. 2005-2006 жылдары — Астана қаласы ішкі істер департаменті Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 2006-2020 жылдары ҚР ІІМ-нің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

Кейінірек ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, Астана қаласы бойынша ҚАЖД бастығы лауазымдарында болған.

Еске сала кетейік, Маңғыстауда Ққылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы тағайындалды