Павлодар облысы Ішкі істер департаментін полиция полковнигі Арман Оразалиев басқаратын болды
11:52, 11 Қыркүйек 2010
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Арман Молдиярұлы Оразалиев ротациялау арқылы Павлодар облысының ішкі істер департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы облыстық департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
А.Оразалиев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.