Павлодар облысына ағымдағы жылы мың жарым ірі асыл тұқымды мал әкелінді
10:40, 31 Желтоқсан 2011
ПАВЛОДАР. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының мал шаруашылығы қожалықтары асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға байланысты жаңа серпінге ие болды,
деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасынан. Германиядан, Канадамен АҚШ-тан осы жылы бір жарым мыңға жуық ірі асыл тұқымды мал әкелінді.
Павлодар ауданының «Болат» шаруалық қожалығына Герефорд тұқымдас 330 ірі қара мал бас саны, Баянауыл ауданының «МТС Жайма» ЖШС-не АҚШ-тан Ангус тұқымды 638 мал бас саны жеткізілді.
Сүт-ет бағытында сиыр алу үшін қожалық«Агроқаржыдан» төменгі пайызбен несие алды. Әр асыл тұқымды мал бас саны екі жарым мың еуроға бағаланып, сатып алынды.
Импорттық сиырлар 450-500 келіні құрайды, мамандардың болжауы бойынша әр сиыр жылына 7мыңнан 10 мың литрге дейін сүт беретін көрінеді.