Павлодар жұртшылығы еңбек ардагері, дербес зейнеткер Оразалы Қақамбетовтың 80 жылдығын атап өтті

None
ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар жұртшылығы еңбек ардагері, дербес зейнеткер Оразалы Қақамбетовтың 80 жылдығын атап өтті.

 Кеше ақсақалды қалалық әкімдікте құттықтады, деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметі.

 «Өз мерейтойымды туыстарым мен жақындарымның, достарымның арасында қарсы алып отырмын. Мен өте ризамын. Менің жасымда барлығына да философиялық жақтан қарайсын, өз мерейтойымды бейбіт және туған Қазақстанда қарсы алып жатқаныма қуаныштымын», - атап өтті кездесуде О.Қақамбетов.

Өзінің еңбек жолын Оразалы Жүсіпұлы 1956 жылы бастады. ҚазМУ-ді аяқтаған соң оны Ленинский ауылындағы мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары етіп тағайындады. Екі жылдан кейін жас белсенді педагог Қалқамандағы оқу кешенінің құрылысына жетекшілік етуге жіберілді, кейін бұл жерде қайта құрылған және жұмыскер құрылыс ұйымдарының алты тың ауылдарындағы жұмыскерлердің балалары оқыды - «Ертіс-Қарағанды» арнасының, Ермак (Ақсу) жас қаласында өнеркәсіп нысандарының құрылысы басталып жатқан еді.

1971 жылдың қаңтарында О. Қақамбетов Ермак қалалық партия комитетінің хатшысы, одан кейін екінші хатшысы болып сайланды. 1985 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін ол Павлодар қалалық партия комитетінің партиялық бақылау төрағасы болды. Зейнеткерлікке шықса да ақсақал белсенді қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырып келеді.

Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов мерейтой иесіне облыс әкімінің атынан сәлемдеме жолдап, оның энергетиктер мен металлургтер қаласы - Ақсудың дамуына қосқан үлкен үлесін атап өтті. ҚР Парламент Сенатының депутаты Асхат Күзеков өзінің әріптестерінің атынан еңбек ардагеріне  денсаулық және бақыт тіледі.