Павлодардың әскери бөлімдерінде ҚР Ішкі әскері құрылуының 20 жылдығы атап өтілді

None
ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар қаласында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері ҚР ІІМ-нің Ішкі әскері құрылуының 20 жылдығын атап өтті.

Салтанатты жиында әскери қызметкерлерді құттықтай отырып, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев 6679 және 5512 әскери бөлімдерінің офицерлері мен қызметкерлерінің жұмысына жоғары баға берді, олардың «қоғамдағы маңызды мақсат - адамдардың өмірлері мен тыныштығын сақтап, тұрғындардың үлкен беделіне ие» екендігін атап өтті.

Аймақ басшысы кәсібі біліктілігі мен қажырлы жұмыстары үшін офцерлерге грамоталар мен алғыс хаттарын табыстады. Әріптестерін облыстың құқық қорғау органдарының жетекшілері де құттықтады.

 «Біздің жұмыс адамдар үшін қажет, мен ішкі әскерге әкемнің ізімен келдім. Өзімізге жүктелген міндеттерді орындаймыз», - деп атап өтті 5512 әскери бөлімінің рота командирі Елтай Рахымжанов.

Салтанатты кеш соңы концертпен жалғасты.