Павлодардың Халықаралық бейбітшілік қорының қайырымдылық акциясына 400 кәсіпорын қатысуда
12:51, 27 Ақпан 2010
ПАВЛОДАР. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда ақпанның 27-сінде өткізіліп отырған біртұтас бейбітшілік күнінде қала кәсіпорындары мен ұйымдары Халықаралық бейбітшілік қорына бір күндік еңбекақыларын береді.
«Қаражат мүгедек балалар тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуге бағытталады, - деп хабарлады қордың вице-президенті Владимир Егоров. - Көмек жалғызбасты тыл еңбеккерлеріне де көрсетіледі. Ақшаның бір бөлігі соғысқа қатысушылардың зираттарын ретке келтіруге бағытталады».
Қайырымдылық акциясына Павлодар облысының 400 кәсіпорындары мен фирмалары қатысуда.