Павлодардың жас суретшілері Польшада өткен халықаралық байқаудың жүлдегерлері мен дипломанттары атанды
09:56, 07 Қаңтар 2012
ПАВЛОДАР. 7 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың жас суретшілері 6 жасар Эвелина Болмасова мен 8 жасар Настя Прокопцова «Бала және ит» атты халықаралық байқаудың арнайы наградаларына ие болды, деп хабарлады №1 көркемөнер мектебі.
«Бала және ит» атты балалар байқауы 13-і рет Польшада өтті, оған 42 мемлекеттен 80 мың жұмыс келіп түсті. Көрменің экспозициясына балалардың 602 суреті ұсынылып, олардың 15-і арнайы сыйлыққа ие болды.
Павлодардың алғашқы көркемөнер мектебінде оқитын балалар халықаралық көрмелер мен байқауларға белсенді түрде қатысып жүр. Жас суретшілер мен олардың ұстаздары әрдайым қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарда Қазақстанның, Ресейдің, Үндістан мен Чехияның, сондай-ақ Тайванның, Британияның, Германия мен Эстонияның және басқа да елдердің сыйлықтары мен дипломына ие болып келеді.