Павлодарлық нұротандықтар мен дәрігерлер денсаулық сақтау реформаларының алғашқы қорытындыларын шығарды
13:12, 27 Ақпан 2010
ПАВЛОДАР. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Медицина мекемелерінің басшылары және облыс медицина мекемелерінде ашылған 20 қоғамдық қабылдау бөлімдеріндегі партиялық бақылау бекеттерінің мүшелері «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалында өткен «дөңгелек үстелде» бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қорытындыларын шығарды.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары медициналық қызмет көрсетудің сапасын талқылады. Жыл басынан бері нұротандықтарға облыс тұрғындарынан 22 жазбаша шағым түскен, аурухана мекемелерінің қызметіне көңілдері толмағандар телефон соққан. Адамдар кезектің көптігіне, ультрадыбысты диагностика мамандарына ақысыз қаралу мүмкін еместігіне шағымданды.