Петропавлда қосымша метеорологиялық бекет ашылды

None
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Петропавл қаласы бойынша шынайы мәліметтер алу үшін қазіргі жұмыс істеп тұрған метеорологиялық стансаға қосымша тағы бір бекет ашылды, деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

Бұл бекетте биыл автоматты станса орнату жоспарланған.

«Сондай-ақ 2012 жылдың қаңтар айынан бастап «Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы» мемлекеттік кәсіпорнында үш гидрологиялық бекетте - Есіл өзенінде - Западное аулында, Есіл өзенінде - Новоникольск ауылында және Бабықбұрлық өзенінде - Гусаковка ауылында метеоролгиялық бақылаулар іске қосылады», деп атап өтілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұл пункттерде ауа температурасына, атмосфералық және апаттық-гидрометеорологиялық құбылыстарға, қардың қалыңдығына, сондай-ақ жауын-шашын мөлшеріне бақылау орнатылады.