Петропавлда өтіп жатқан волейболдан ерлер командалары арасындағы ел біріншілігінің үшінші турында Оралдың «Жайық-Конденсаты» жақсы өнер көрсетуде
17:47, 24 Ақпан 2010
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Петропавлда өтіп жатқан волейболдан ерлердің жоғары лига командалары арасында ХVІІІ ел біріншілігінің үшінші турында Оралдың «Жайық-Конденсаты» жақсы өнер көрсетуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батысқазақстандықтар кеше мықты клубтардың бірі Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасын 3:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ алаң иелері «Есіл-Викторияны» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Тек аяқ астынан жетінші орында келе жатқан Алматының «КазНАУ» командасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Үшінші тур ақпанның 26-сында мәреге жетеді.
Екі турдан кейін Астананың «Ұшқын-Искрасы» мен Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрты» 21 ұпаймен көш бастаса, батысқазақстандықтар 20 ұпаймен үшінші орында келеді.