Петропавлда жаңа жыл қарсаңында «Батыр» балабақшасы ашылды
Бұл балабақша 310 балаға арналған.
Балабақшының ашылу салтанатында Петропавл қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов атап өткендей, қазіргі уақытта балабақшаларды қайтару мен құрылыс салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл ғимараттың жөндеу жұмыстарына бюджеттен 20 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ балабақшаны керекті жабдықтармен қамтамасыз етуге 40 миллион теңге қаражат бөлінді.
Қала әкімі балабақшаның ұжымына компьютерлік сынып сатып алу үшін арнайы сертификат табыс етті.
Ендігіде «Батыр» балабақшасына 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар бара алады. Сондай-ақ мекеме 90 жұмыс орнымен қамтамасыз етілген, бұл жерде жас мамандар жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, Петропавл қаласында 2 жыл ішінде бұрынғы балабақшаларды қайтарып және жаңасын ашып, шағын орталықтардың арқасында 1500 бала мектеп алды дайындық мекемесіне бара алады.