Петропавлдағы су бұру арнасының құрылысы аяқталуға жақын

Фото: СҚО әкімдігі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Бұл канал Есіл өзенінің су ағынын басқа бағытқа бұруға арналған.

Жоба биыл көктемде Петропавлдағы Заречный кентінде қолға алынды. Мақсат – тасыған Есіл өзені суының екпінін азайтып, бұрып жіберу. Каналдың ұзындығы - 4,8 шақырым.

– Биылғы тасқын уақытында арнаның тиімділігі көрінді. Бүгінгі таңда үш су өткізгіштің құрылысы толық аяқталуға жақын. Олардың екеуі бау-бақша аумақтарына кедергісіз қатынауды қамтамасыз етсе, үшіншісі электр жеткізу желісін қызмет көрсетуге арналған.
Одан бөлек, қыркүйек айында «Жемчужная весна» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары жеке қабылдау барысында жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде өтініш білдірген болатын. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, қарашаның 10-на дейін толық аяқталады, - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Фото: СҚО әкімдігі
Фото: СҚО әкімдігі

Бұған дейін СҚО-да жылда қайталанатын су тасқынымен күресу үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын жазған едік. 

Қазіргі уақытта өңірде 112 ауыл су тасқыны мен еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін елді мекендер тізіміне енген.