Петропавлдағы мектеп жәрмеңкесінде тауарлар базардағы бағадан 30 пайызға арзанға сатылды (ФОТО)

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 15 тамыз күні Петропавлда «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жәрмеңке өтті.

Оған облыс орталығының 12 кәсіпкері өз тауарларын ұсынды. Бағалар базардағыдан 30 пайызға арзан болды. Бұл туралы Петропавл қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Евгения Сальникова мәлім етті.

«Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавлда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ол «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Біз қала кәсіпкерлерін шараға қатысуға шақырдық және олар бұл ұсынысымызды қуана қабыл алды. Барлық тауарлар базардағы бағадан 30 пайызға арзанға сатылып жатыр. Кеңсе тауарлары, мектепке қажетті заттар және тағы басқалар жәрмеңкеге қойылды», - деді Е.Сальникова.