PhD жүйесін толыққанды енгізу үшін 2015 жылға дейін білім саласында өтпелі кезең жариялау керек - Оразалы Сәбден

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Қазақстанның ғалымдар одағының жалпы жиналысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысқан жиын барысында басты тақырып ретінде «Ғылым туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. ҚР БҒМ Экономика инстиутының директоры, академик, экономика ғылымының докторы Оразалы Сәбденнің айтуынша, Ғалымдар кеңесі «Ғылым туралы» заңға бірқатар өзгерістер әзірлеген. Оның айтуынша, Ғалымдар кеңесі PhD жүйесін толыққанды енгізу үшін 2015 жылға дейін білім саласында өтпелі кезең жариялау керек деген. Ал ғылым кандидаттары мен ғылым докторларын дайындау 2015 жылға дейін PhD докторларын дайындаумен қатар жүзеге асуы керек. Кеңес барысында ғылым кандидаттарына атағы үшін айлығына қосымша екі айлық жалақы көлемінде, ғылым докторларына 4 айлық жалақы көлемінде қосымша жалақы төлеу қажеттігі айтылды.