Полиция қызметкерлері қылқан жапырақты ағашты кесуге қарсы рейд өткізіп жатыр

None
АҚТӨБЕ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жаңа жылдың қарсаңында облыстық ІІД табиғатты қорғау қызметкерлері мен орман шаруашылығының мамандары бірлесіп ағаштардың заңсыз шабылған жерлерін тексеріп, қылқан жапырақты ағаштардың кесілуіне қарсы рейд өткізіп жатыр.

Облыстық ІІД хабарлағандай, бұл мақсатқа жету үшін 23 икемді топ құрылды. Олар 103 рейд өткізіп, жолға шыққан 211 көлікті тексерді.