Прокуратура қызметкерлерін елдегі иесіз су қоймаларының жағдайы алаңдатып отыр - апталық брифинг
17:52, 08 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Прокуратура қызметкерлерін елдегі иесі жоқ су қоймаларының жағдайы алаңдатып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтың сөзіне қарағанда, мұндай су қоймаларында ешқандай жөндеу жұмыстары, ешқандай қауіпсіздік шаралары қолданылмайды. «Ал бұл дегеніңіз - үлкен қауіп. Осындай қауіпті нысандардың бірі қазір Жамбыл облысында орналасқан. Ондағы «Дарбаза» су қоймасы 30 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Аталмыш нысан құзырлы орган өкілдерінің бақылауына алынды», деді ресми өкіл.