Ресей Банкі негізгі мөлшерлемені қатарынан төртінші рет төмендетті
АСТАНА.KAZINFORM — Елдің негізгі қаржы реттеушісі негізгі мөлшерлемені 50 базистік пунктке, 17%-дан 16,5%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
24 қазандағы отырысынан кейін Ресей Банкінің Директорлар кеңесі негізгі мөлшерлемені 16,5%-ға дейін төмендетуге шешім қабылдады. Бұл осымен — төртінші төмендету.
— Ресей Банкі инфляцияны мақсатты деңгейге қайтару үшін кредит шарттарын жеткілікті түрде қатаң сақтайды. Базалық сценарийде бұл 2026 жылы жылына 13,0-15,0% аралығындағы орташа негізгі мөлшерлемені қамтиды және ұзақмерзімді қатаң кредит саясатын білдіреді, - делінген Орталық банк мәлімдемесінде.
Баспасөз хабарламасында аталып өткендей, негізгі мөлшерлеме туралы қосымша шешімдер инфляция баяулауының тұрақтылығына және инфляциялық болжам динамикасына байланысты қабылданады.
Елдің негізгі қаржы реттеушісінің болжамына сәйкес, ағымдағы ақша-несие саясатын ескере отырып, жылдық инфляция 2026 жылы 4,0-5,0%-ға дейін төмендейді. 2027 жылы және одан кейінгі жылдары жылдық инфляция мақсатты деңгейде қалады.
Ресейдегі жылдық инфляция, 20 қазандағы бағалау бойынша, 8,2%-ды құрады және 2025 жылдың соңына қарай 6,5-7,0% аралығында болады деп болжанды.
Ресей Банкінің мәліметі бойынша, ағымдағы инфляциялық қысым 2025 жылдың соңы мен 2026 жылдың басында бірқатар факторларға, соның ішінде бағаны түзетуге және инфляциялық болжамдардың алдағы ҚҚС өсуіне реакциясына байланысты уақытша артады.
Бұған дейін Ресей банкі негізгі мөлшерлемені 18%-ға дейін төмендеткенін жазғанбыз.