Ресей кемесі Сахалин жағалауында қайраңдап қалды
11:48, 27 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат - «Сените» көлік рефрижераторы Сахалин жағалауында қайраңдап қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Рефрижератор Корсаков айлағынан Владивостокқа бағыт алып бара жатқан және Морж айлағының маңында қайраңдаған. Рефрижераторға «Атлас» Сахалин бассейндік апаттық-құтқару басқармасының құтқару кемесі келген. Апат кезінде кеменің бортында 14 адам болған. Команда мүшелерінің ешқайсысы да зардап шеккен жоқ. Рефрижератордың бортында 40 тонна отын бар, кемеде жарықшақ жоқ, сұйық отынның ағуы байқалмайды.