Ресей мен Қытай Иранға қарсы санкциялар бойынша ұсыныстар алды

None
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Иран жөніндегі «алтылық» елдерінің өкілдері Тегранға қатысты санкцияларды қатайту жөніндегі өз ұсыныстарын Ресей мен Қытай делегацияларына табыс етті.

Бұл туралы сәрсенбі күні ИТАР-ТАСС агенттігіне БҰҰ штаб-пәтеріндегі дипломатиялық дерек көз хабарлады.

Дерек көздің мәліметтері бойынша, ұсыныстарға «Ислам революциясы сақшылары корпусының мүшелеріне қатысты қосымша шаралар, сондай-ақ теңіз тасымалы, банк және сақтандыру секторлары саласындағы санкцияларды қатайту шаралары» кіргізілген.