Ресей мен Латвиядан соғысқа қатысқан қазақстандықтардың мәйіттері табылды

Фото: Астана әкімдігінің сайтынан алынды

ҰОС қатысқан қазақстандықтардың аты-жөні мен қай өңірден екені белгілі. Қазір олардың Қазақстандағы ұрпақтары іздестіріулде, деп хабарлайды Kazinform Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.

Бурнашев Еремей Федорович, 1920 жылы туған, Алматы қаласы;

Морев Дмитрий Иванович, 1922 жылы туған, СҚО Красный Яр ауылы;

Маметов Силан, 1912 жылы туған, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы;

Сармантаев Калхай, 1900 жылы туған, Қарағанды облысы, Камаритский ауданы;

Еленбаев (Сленбаев) Бинал Сохлетович, 1898 жылы туған, Омбы облысы;

Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, қазір аталған адамдардың мүрдесін Қазақстанға жеткізу жұмыстары жүріп жатыр.

Егер жоғарыда аталған сарбаздардың ұрпақтары, таныстары туралы ақпарат болса +7 771 287 21 11 ұялы телефонына хабарласуға болады.